423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау облысында ТЖ тәртібіне бағынбаған 67 адам қамауға алынды

  • 345
Атырау облысында ТЖ тәртібіне бағынбаған 67 адам қамауға алынды

31 наурызда енгізілген карантинге байланысты Атырау қаласына кіріп-шығу шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалаға кіретін күре жолдарды полиция қызметкерлері бақылауға алды. Соған қарамастан, бекеттерді айналып өту деректері жиі қайталанып отыр. Күні бүгінге дейін 21 көлік жүргізушісінің жолы кесіліп, бақылау бекетін айналып қашпақ болған 13 адамға шара қолданылды. Бұдан өзге бетперде тағу, топтаспау секілді карантин тәртібін сақтамау, беймізгіл уақытта себепсіз жүру секілді келеңсіздіктер де орын алуда. Бүгінде Атырауда барлық дүкендер мен дәріханалар таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Демек түнгі мезгілде бос сенделуге еш негіз жоқ дейді тәртіп сақшылары. 

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Алайда жағдайды түсінбейтін азаматтар аз емес. Өткен екі күнде көшеге ешбір себепсіз шыққаны үшін полицияға 70-ке жуық азамат жеткізілді, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабы төтенше жағдай режимін бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар ресімделіп, материалдар сотқа жолданды. Жалпы төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы