423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада дәрігерлер қонақ үйге орналасты

  • 389
  • UPD: 15:23, 14.04.2020
Қызылордада дәрігерлер қонақ үйге орналасты

Коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызылордалық медицина қызметкері қаладағы жеке қонақ үйлердің біріне орналастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда олардың тынығып, демалуларына барлық жағдай жасалған. Жұмыстан кейін олар үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен қонақ үйге барып тұрақтайды. Айта кетейік, өңірде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған 366 медициналық қызметкерге 54 миллион теңгеден астам үстемақы төленген.

Баянкүл Өтебаева, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесі:

– Бізге барлық жағдай жасалды. Барлығымызды бөлмелерге орналастырып, 3 мезгіл тамақпен бізді қамтамасыз етіп жатыр. Уақтылы апарып, әкеліп жатыр. Індетті жоюға атсалысамыз.

Хабар 24 телеарнасы