421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы интернет сапасы алаңдатады

  • 303
  • UPD: 11:47, 15.04.2020

Ресми дерек бойынша соңғы жеті жылда Қазақстанда интернет пайдаланушылардың қатары екі есеге артқан.

Желіні қолданушы 13,8 миллион адам ғаламтордан түрлі ақпарат іздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда ғаламтор сапасы қаншалықты сын көтереді деген заңды сұрақ туындайды.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Әлеуметтік желі әр адамның ажырамас бөлігіне айналды десем, қате айтпаспын. Ұйқыдан ояна сала ұялы телефон ұстайтындар байланыс соңғы күндері нашарлап жүргенін байқады. Бұл 42500-ді алу үшін адамдардың бір сәтте бір сайтқа төнуінен бе, әлде тиісті мекемелердің ауқымды аудиторияға дайын болмауынан ба деген сұрақты маманға қойып көрдік.

Арман Әбдірәсілов, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры:

- Egov.kz және электрондық үкімет сервистерінің 42500-ді тартқан кезде, бәріміз көрдік, көптеген қиыншылық тудырды. Ол үкіметтік IT-жүйені құрастырып жатқан қызметкерлердің кәсіпкерлігі төмен екенін көрсетеді. Көмек сұраған адамдардың саны 3,5 миллион болды. 15 миллион адам бір сәтте қосылған жоқ. 3,5 миллион адамның сұранысын қанағаттандыра алмаған желі сұрақ тудырады, әрине.

Қашықтан оқу барысында әлеуметтік желінің әуселесін де көрдік. Жүйеге жөнді қосыла алмаған ата-ана мен балалардың біраз шулағанын да құлақ естіді. Дегенмен тұралаған жүйе қалыпқа қашан келерін тиісті маман білмейтінін, бұл мәселеде олардың кінәсі жоқ екенін айтты.

Зульфия Құдайбергенова, Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары:

- 1 сәуір күні кашықтан оқыту болғанын білесіздер. Шетелдік интернет ресурсты пайдаланды. Zoom секілді. Ол күні біз бақыладық, 75% жүктеме ғана болды. Ол біздің кінәміз емес, шетелдік жүйенің істен шығуы деп білеміз.

Интернеттің таралу қарқыны таңғалдырады: 50 миллиондық аудиторияны қамту үшін тек 4 жыл жеткілікті болды. Қазақстан интернетке қосылу жылдамдығы жөнінен ТМД бойынша екінші орынға ие. Кешегі қарбаласта «осы көрсеткіш қайда қалды?» деген сұрақ туындайды.

Айта кету керек, жыл соңына дейін Қазақстанда кең жолақты интернетпен бір мыңнан астам ауыл қамтамасыз етілуі тиіс еді. Каратинге байланысты межеленген жоспар кейінге қалуы әбден мүмкін.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы