427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-дағы медицина қызметкерлеріне 22 млн теңге үстемақы төленді

  • 522
  • UPD: 14:33, 15.04.2020

Батыс Қазақстан облысында наурыз айының қорытындысы бойынша ақ халаттыларға 22 миллион теңгеден астам үстемақы төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз жалақысына қосымша қаржылай қолдауды алғаш болып облыстық инфекциялық аурухананың дәрігер-медбикелері мен 3 провизорлық стационардың мамандары және жедел жәрдем қызметкерлері алды. Қазір өңірде 12 адамның коронавирус дертіне шалдыққаны анықталды. Біреуі жазылып шыққан.

Мақсат Оразбаев, провизорлық стационар педиатры:

- Аурухананың осы провизорлық бөлімінде 3 дәрігер, 8 медбике және 8 медбике көмекшісі жұмыс жасайды. Қызметшілер өзінің материалдық немесе басқа да құндылықтарын бірінші орынға қоймайды. Осы елдің, халықтың денсаулығы үшін осы бөлімшеде табанды еңбек етіп келе жатыр.

Айзада Шүкірғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

215 адам облыс бойынша. Оларға 22 млн теңге қаражат төленді денсаулықтарына аса қауіпті қиын жағдайда қызмет еткендері үшін. Олар болашақта балаларының, жанұяларының денсаулықтарына қауіп-қатерлерін төндірмеу үшін олар үйлерінен жырақ жүріп, еңбек етіп жатыр. Сондықтан олардың құлшыныстарын талпындыру мақсатында осы үстемақы төленіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы