423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында іскер әйелдер бірігіп бетперде тіге бастады

  • 232
Алматы облысында іскер әйелдер бірігіп бетперде тіге бастады

Карантин жағдайында кәсібін тоқтатқан Панфилов ауданының іскер әйелдері бірігіп бетперде тіге бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша кәсіпкерлер жұқпалы аурудың алдын алуға үлес қосып, жерлестеріне жәрдемдесіп жатыр. Қорғаныш құралын дайындау үшін олар сән салондарының бірін тігін цехына айналдырған. Ондағы ісмерлер бүгінге дейін мың жарым медициналық маска тіккен. Волонтерлер оны ауыл тұрғындарына тегін таратыпты. Сонымен қатар 30 жанұяға азық-түлік үлестірген. Бұдан бөлек, қыз-келіншектердің әрбірі тұрмысы төмен бірнеше отбасын өз қамқорлығына алып, қажет заттармен қамтамасыз етіп отыр. 

Раушан Оспанова, кәсіпкер:

– Келер аптада тағы 100 отбасына азық түлік таратамыз, сосын маска береміз. Ауылды жерлерде дәріхана жоқ.

Балшыкер Жәкішова, кәсіпкер:

– Қазіргі қиын коронавирустың кезінде жұмысшыларымыздың бәріне қамқорлық жасап, шамамыз келгенше көмектесіп жатырмыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Біз бәріміз осы қиындықты өткеріп, жақсы нәтижеге жетейік.

Хабар 24 телеарнасы