418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

  • 203
  • UPD: 16:31, 20.04.2020
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Абай Шаңғытбаев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және басқару жүйесі факультетін бітірген. Біліктілігі: инженер-электрик.

Еңбек жолын 1988 жылы «ЗапКазЭнерго» РУ электр желілерінің Оңтүстік кәсіпорнында байланыс электромонтері, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері болып бастаған.

1991 жылы – «ЗапКазЭнерго» РУ Электр желілерінің Шығыс кәсіпорны релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері.

1999 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің «Мемэнергоқадағалау» ЗКРУ энергоинспекциясының инспекторы.

2004 жылы – Сату бөлімінің инспекторы, «Ақтөбеэнерго» ААҚ Хромтау аудандық электр желілері бөлімінің бастығы (2004 ж.).

2013 жылы – Хромтау АЭЖ бастығы, өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары, «Энергосистема» ЖШС-ның өндірістік-техникалық қызметінің бастығы.

2015 жылы – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерді үйлестіру мониторинг және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, тұтынушылардың электр желілері мен электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы.

2015 жылы – ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары.

2016 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Құрметті атақтары мен мемлекеттік наградалары бар:

«Құрметті энергетик» Қазақстан Электр Энергетиқалық Қауымдастығы (2011);

ТМД Еңбек сіңірген энергетигі (2016);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2002).

Хабар 24 телеарнасы