425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 370 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

  • 420
  • UPD: 21:09, 23.04.2020

Қостанайда құрылыс жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі бірқатар мердігер компания санитарлық талаптарды сақтау жауапкершілігін мойнына алып, іске кірісті.

Жұмысшылар құрылыс алаңына жеке автобуспен жеткізіледі. Күн сайын көліктен шығар тұста әрқайсысының дене қызуы тексеріліп, қорғаныс заттары беріледі. Барынша бір-бірінен алшақ жұмыс істеуі де ескерілген.

Елена Гурименко, әрлеуші:

– Бізге тамаша жағдай жасалған. Жұмыс алдында қолғап, бетперде таратады. Міндетті түрде антисептикпен қолымызды жуып отырамыз. Түскі асымызды осы жерде ішеміз. Автобус таңертең алып кетіп, кешке үйімізге жетікзіп салады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан бес қабатты үйдің тек ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары ғана қалған. Мердігер карантинге қарамастан, бұл нысанды мерзімінен бұрын тапсырамыз деп отыр.

Дмитрий Доценко, учаске басшысы:

– Құрылысты 2019 жылдың мамыр айында бастаған болатынбыз. Жоспар бойынша тамызда тапсыру көзделген. Біз оны бір айдың ішінде пайдалануға береміз.

Биыл облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 370 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 процентке көп. 

Қанат Нұралин, Қостанай қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Қостанай қаласы бойынша 6-7 мердігер ережелерді сақтап, жұмыс жүргізіп жатыр. Белгіленген мерзімде құрылыс жұмысы аяқталады.

Айта кетелік, биыл облыс орталығындағы «Юбилейный» шағын ауданында ғана 15 көп қабатты үй тапсырылып, 1652 пәтер қолданысқа беріледі. Оның 500-ге жуығы – кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы баспана.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы