424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа челлендж: қандай кітап оқып жүрсіз?

  • 474
  • UPD: 23:12, 29.04.2020

Карантин кезінде челлендж көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдағы ағайынға сәлем жолдап, ән салып, өлең оқыдық. Үйде қамалған жұрттың көңілін серпілтер эстафеталарды іліп әкеткендер аз болмады.

Соның ішінде кітапқа деген қызығушылық оянғанын ерекше айтуға болады. «Қандай кітап оқып жүрсіз?» деген челленджді Президенттің өзі қолдап, жастарға жолдады. Ал бұл бастама қалай жалғасты?

Жастардың «кітап оқып жатырмын» дегені құлаққа жағымды естіледі. Әл-Фараби, Абай, Әзілхан Нұршайықов, Мұқағали Мақатаев. Бұл студенттер оқып жатқан авторлардың бір парасы. Карантинде компьютерге телміріп, смартфонды ермек етпей, қолына кітап ұстаған жастар аз емес. Олар әлеуметтік желіде өздері оқып жатқан шығармаларымен бөлісуде.

«Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындады. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында». Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Осылай деген Мемлекет басшысы челленджді бастағандарға ризашылығын білдіріп, қолдайтынын айтып, әрі қарай жастарға жолдаған еді. Өзі ақын Ұлықбек Есдәулеттен эстафетаны қабыл алып, оқып жатқан 10 кітабын көрсетті. Жалпы бұл игі бастама жапапй қолдау тапты. Тіпті бір емес, бірнеше шығарманы оқып үлгергендер бар.

Бұл бойжеткен карантин кезінде 10 кітап оқып тастаған. Тек қазақ әдебиеті емес, әлемдік классиктердің шығармаларына да бойлапты. Жалпы челленджге ақын-жазушылар, журналистер мен мәдениет қайраткерлері үн қосты. Жұртшылық әлеуметтік желі арқылы бір-біріне жолдап, бастаманы ілезде іліп әкетті. Ең бастысы, осы арқылы елдің кітапқа деген қызығушылығы азаймағанына куә болдық.

Авторы: Ақсәуле Байменшина

Хабар 24 телеарнасы