loader

Ақтауда жасыл желекті отаған малы үшін иесі айыппұл төлейтін болды

Ақтауда жасыл желекті отаған малы үшін иесі айыппұл төлейтін болды

Ақтауға кіреберіс жол жиегіндегі жасыл желекті отаған ірі қара иелері айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түпқараған ауданынан келе жатқан түсіру тобымыз былтыр егілген тал көшеттерінің маңында жайылып жүрген түйелерді көрген. Дереу бейнекамераға түсіріп алып, тәртіп сақшыларына хабар береді. Ол жерге барған полицейлер ен салынған мал иелерін тез арада анықтады. Кейбіріне тіпті ұялы телефон нөмірі жазылған екен. Ірі қарасы далада қараусыз жүрген азаматтар енді 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.

Айта кетейік, Каспий жағасындағы шаһарды көгалдандыруға жыл сайын бюджеттен миллиондаған қаржы бөлінеді.

Батыр Көшкінов, қалалық ПБ ЖПҚ бастығының м. а.:

- Әуежай жолында түйе жануарларының жасыл желектерді бүлдіру, жеу фактілері орын алды. Аталған дерек бойынша түйе иелері анықталып, ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес 50 400 теңгеден айыппұл салынды. Қазіргі таңда Ақтау қаласында мал қамайтын орын болмауына байланысты иесіне қайтарылып беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ...