476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мақтаарал ауданына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

  • 656
  • UPD: 17:19, 05.05.2020
Мақтаарал ауданына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Апаттан зардап шеккен Мақтаарал ауданына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлік және тазалық құралдары тиелген жүк бүгін Түркістан облысына аттанды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Гуманитарлық көмекті мұқтаж жандарға үлестіру үшін «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері іске тартылады.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға жергілікті тұрғындарды қолдай отырып, аймақтағы инфрақұрылымды тездетіп қалпына келтіруді тапсырған еді.

Хабар 24 телеарнасы