422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда полицейлер ардагерлерге мерекелік сый жасады

  • 397
  • UPD: 08:14, 08.05.2020
Атырауда полицейлер ардагерлерге мерекелік сый жасады

Полицейлер Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 75 жылдығына орай ішкі істер саласының және тыл ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты және қариялардың қауіпсіздігін ескеріп, бүгінгі ізбасарлары сыйлықтарын олардың үйлеріне барып табыстады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қызмет кезінде қаза болған әріптестерінің де отбасында болып, олардың жақындарына мерекелік сый-сияпат жасады. Бұл үрдіс жергілікті полиция департаментінің тұрақты дәстүріне айналған. Мұны ардагерлер де атап өтті. Отан алдындағы борышын от кешіп жүріп өтегендердің ерлігін есте сақтағандары үшін алғысын жаударды.

Мәдина Ғабдусәлімова, Атырау қаласының құрметті азаматы:

– Құқық қорғау саласының барлық қызметкеріне алғысым шексіз. Олар қоғамдық тәртіпті қадағалап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамассыз етуде аянбай тер төгіп жүр. Тіпті, жанұясын да сирек көреді. Біз оларға қажымас қайрат пен денсаулық тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы