405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар қоғамдық көліктің қайта қатынай бастағанына қуанышты

  • 76
  • UPD: 15:56, 12.05.2020

Бірақ автобустар қозғалысы тек қала ішінде жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, бас шаһар іргесіндегі ауылдарға қатынау бойынша шектеу әлі алынған жоқ.

Бүгін елордада қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден кешікпей қатынай бастады. Аялдау уақытының аралығы да қатаң сақталды. Бастапқыда жолаушылар қарасы көп болмады. Алайда, түске жақын аялдама алды кісіге толды. Тіпті кейбір тұрғындар қуанышын жасыра алмады.

Блиц 1:

Өте жақсы күн бүгін. Бақыт деген осы екен. Мінекей, шықтық. Өзіміз барлық кісілерді құшақтап, осындай қуанып тұрмыз. Толғанып тұрмыз, рахат.

Блиц 2:

Рахмет бұл автобустарды жібергеніне. Жұмысқа баруға қиналып қалғанбыз. Қазір жақсы болды енді. Қуанып келе жатырмыз, рахмет.

Алайда, салон ішінде маска тағу тәртібі қатаң сақталуы керек. Кері жағдайда жолаушы автобусқа кіргізілмейді. Қоғамдық көліктер әр айналым сайын дезинфекцияланады, дейді қалалық көлік бақылау департаментінің инспекторы Мейрамгүл Тамабаева.

Мейрамгүл Тамабаева, қалалық көлік бақылау департаментінің инспекторы:

- Бізде жолаушылар 20 кісіден артық алуға болмайды. Жолаушы қолғап маска киюі керек. Соңғы аялдамаларда ішін дымқылдап сүртіп алу керек.

Ал, қалааралық жол байланысына салынған тыйым алынған жоқ. Блок-бекеттердің жұмысы төтенше жағдай тәртібі кезінде қабылданған талаптар бойынша жалғасып келеді.

Жаңғазы Шопанов, Ақмола облысының тұрғыны:

Мен Солтүстік Қазақстаннан келе жатырмын. 6-7 посттан өттім. Температурамды тексерді. Қайда баратынымды. Тұрғылықты мекенжайым бойынша тексерді. Карантин болғасын, шығуға болмайды дегесін жаттық.

Еске сала кеткен жөн, таңертеңнен бері қала бойынша 392 автобус қатынап жүр. Оның ішінде тек 104-ші экспресс бағыт бар. Қалған 60-қа жуық көлік қатарға кейінірек қосылады. Жұмыс уақыты кешкі сағат 21:00-ге дейін.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы