424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«5-10-20» бағдарламасы аясында берілетін ипотекалық несиенің мөлшері анықталды

  • 1176
  • UPD: 15:28, 13.05.2020

Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары үшін шекті сома 18 миллион теңгеден аспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды қалаларының тұрғындары бағдарлама аясында 15 миллион теңгеге дейін қарыз ала алады. Еліміздің өзге аймақтарында бұл көрсеткіш – 12 миллион теңге. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, «5-10-20» бағдарламасына баспанаға мұқтаж жергілікті әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, елімізде үй кезегінде 540 мыңнан астам адам тұр.

Айта кетейік, қазір бағдарламаны жүзеге асыру механизмі әзірленіп жатыр. 

Әзімбек Нәлібаев, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы:

– Үш күнкөріс деңгейінен аспау керек. Бұл дегеніміз, жан басына шаққанда – 90 мың теңге. 90 мыңнан төмен болған кезде, банкке барып, өтініш берсе болады.

Хабар 24 телеарнасы