417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Есілдің жағасында балық қырылған жоқ – мамандар

  • 515
  • UPD: 22:00, 13.05.2020
Есілдің жағасында балық қырылған жоқ – мамандар

Есілдің жағасында балық қырылған жоқ.

Шабақтардың су бетіне шығып, күнге қыздырынуы табиғи құбылыс. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы тексеру жүргізіп осындай тұжырым жасады. 12 мамырда әлеуметтік желіде «Есілдің бетіне балық қалқып шықты, оның жартысы қырылып қалған» деген видео тараған еді. Мамандар бейнетүсірілім болған өзен жағалауын бақылап шықты. Ешқандай өлген балық табылмады.

Сәкен Ділдахмет, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- 13 мамыр күні Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, сонымен қатар Балық шаруашылығын зерттеу ғылыми институты мамандары бірлесіп, Есіл өзенінің жағасын түгел бақылап шықты. Бақылау нәтижесінде балықтың өлу фактісі, не болмаса, судың бетіне жартылай қалқып шығу фактісі тіркелген жоқ. Негізі бұл табиғи құбылыс. Көктемгі мезгілде уылдырық шашу кезінде балықтардың өздері топтасып, уылдырық шашады.

 

Хабар 24 телеарнасы