423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды

  • 272
  • UPD: 08:58, 15.05.2020
Алматыда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда он алтыншы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі бастаманы жыл сайын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырады. Коронавирустың таралауына байланысты іс-шара осы жылы онлайн форматта өтті. Биылғы байқау «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ғаламдық проблемаларды жергілікті жерлерде шешу» тақырыбына арналды. Жәрмеңке үш аталымнан тұрады. Біріншісі – білім беру, спорт саласына инклюзивті жүйені енгізу. Екіншісі – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Соңғысы экологиялық қиындықтарды шешуді және балалардың бойына экологиялық тәрбиені сіңіруді көздейді. Осы үш аталымда «Тамшыбұлақ», «Періште» қоғамдық бірлестіктері мен «Қостанай облысы паралимпиадалық спорт түрлері» федерациясының жобалары үздік шықты. Жалпы жәрмеңкеге 160-қа жуық жоба қатысты.

Гүлнәр Ершиманова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобаларының аға үйлестірушісі:

- Әрбір жоба осы тұрақты даму процесіне үлкен үлес қосады деп сенім білдіреміз. Ал, енді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры оларға әрқашанда қолдау көрсетуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы