399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Статистика комитеті Қазақстан халқының санын жария етті

  • 242
  • UPD: 19:36, 15.05.2020
Статистика комитеті Қазақстан халқының санын жария етті

2020 жылғы 1 сәуірде еліміздегі халық саны 18 690,2 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәліметті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 18 690,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10 991,5 мың (58,8%), ауылдықтар – 7698,7 мың адам (41,2%) болды» делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 241,6 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (66,3 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (57,9 мың адам) және Түркістан облысында (29,9 мың адам) тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы