412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында блок-бекеттер алынды

  • 155
  • UPD: 18:04, 18.05.2020
Ақмола облысында блок-бекеттер алынды

Ақмола облысы аумағында орналасқан блок-бекеттердің барлығы дерлік өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, аймақ ішінде енді емін-еркін жүруге болады. Бірақ тек елордаға кіре беріс пен оның жанындағы Целиноград ауданында ғана қозғалыс шектелген. Яғни, Нұр-Сұлтан қаласы мен Целиноград ауданының ауылдарына жол жоқ. Себебі аталған аудан қауіпті вирустың ошағына айналған. Ол маңайда қалған 3 бекет пен облыс шекарларындағы тағы бірнеше блок-бекет өз жұмысын жалғастыра бермек. Айта кетейік, карантин режимі енгізілген уақытта өңірде 100 шақты блок-бекет қойылып, олардың саны кезең-кезеңімен біртіндеп азайтылған болатын. 

Серік Баймұқанов, облыстық жергілік полиция басқармасының бастығы:

– Целиноград ауданының тұрғындары өз аумақтарында ғана жүре алады. Олар басқа аудандарға және елордаға кіре алмайды. Ал басқа аудандар өзара қарым-қатынас жасай алады. Бірақ тек Целиноград ауданы мен астанаға бара алмайды. Сондай-ақ көрші облыстардың аумағына да өтуге рұқсат жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы