427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Заң қоғамға қолайлы болды

  • 386
  • UPD: 16:00, 20.05.2020

Азаматтардың митинг өткізуіне мемлекеттік органдар тыйым сала алмайды.

Бүгін Мәжіліс мақұлдаған митинг туралы заңда  халықаралық тәжірибе ескерілген. Енді бейбіт шеру ұйымдастыруға бекінгендер әкімдіктен бұрынғыдай рұқсат сұрап жүрмейді. Бірақ 5 күн бұрын ескертіп қоюы керек.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

– Бұл заңның талқыланып келе жатқанына жарты жылға жуық уақыт кетіп қалды. Осы жарты жылдың ішінде заң жобасынан, тек аты ғана қалды деуге болады. Ал заңның ішкі мазмұнының барлығы 360 градуска өзгерді. Өзгерген кезде леберализация жағына азаматтардың бұл заңды қолдануына жеңілдеу жағына өзгерді. Сенаторлардың ұсынысын Мәжіліс толығымен келісіп, мақұлдап толығымен қайтадан қайтарды. Менің ойымша, демократия дегеніміз ол келісімдер мен процедуралар. Міне, осындай палаталардың арасында келісімдер мен процедуралар көп болатын болса онда біздің елде демократияның әдістері мен тәсілдері еріп келе жатыр деуге барлық негіз бар.

Хабар 24 телеарнасы