399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық волонтерлер тұрғындарға санитарлық талапты сақтау қажеттігін ескертіп жүр

  • 79
  • UPD: 19:54, 23.05.2020
Елордалық волонтерлер тұрғындарға санитарлық талапты сақтау қажеттігін ескертіп жүр

Бас шаһардағы түсіндіру жұмыстарына полицейлермен қоса волонтерлер де атсалысып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар халық көп жиналатын қоғамдық орындарда, саябақтар мен аялдамаларда, сауда үйлерінде болып, тұрғындарға масканы тегін таратты. Және жұртшылыққа санитарлық талапты сақтау қажеттігін ескертіп жүр. Бұл іске елорда бойынша 150-ге тарта ерікті тартылған. 

Дәулет Кәрібек, қалалық жастар саясаты  басқармасының басшысы:

– Коронавирустың емі шыққанға дейін маска біздің күнделікті әдетімізге айналуы керек. Біз азаматтарға соны түсіндіреміз. Егер адамдар сауда орындарында қауіпсіздікті сақтамайтын болса, біз оны жабуға дейін барамыз. Бұл жұмыс әлі де жүрігізілетін болады.

Гүлмира Шырахметова, қалалық ПД жергілікті полиция  қызмет басқармасының аға инспекторы:

– Халыққа түснідіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2 және одан да көп адамдар жүрген кезде медициналық бетперде киюлері керек деп ұсыныс айтамыз. Сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтау жөнінде де жұмыстар жүргізіп жатырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы