410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда аспаны ондаған түнгі шаммен жарықтандырылды

  • 191
  • UPD: 00:00, 24.05.2020

Осылайша, ұйымдастырушылар қиындықтардан аман өтуге көмектесіп жүрген адамдарға алғысын білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан астанасында ивент индустриясының өкілдері «Адамдар адамдар үшін» акциясын өткізді. Нұр-Сұлтан аспаны ондаған шаммен жарықтандырылды. Осылайша, ұйымдастырушылар қиын кезеңде басқалардың игілігі үшін жұмыс істеген әрбір адамға алғысын білдірді. Іс-шара саласының өкілдері 66 мекеме, 3000-нан астам адам - мәдениет қызметкерлерін - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Айта кету керек, шараны Еуразиялық Ивент қауымдастығы Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, жалға беру және ивент компаниялардың қатысуымен ұйымдастырды.

Хабар 24 телеарнасы