423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда фитнес орталықтардың жұмысы қайта жанданды

  • 367
  • UPD: 22:07, 26.05.2020

Карантин талаптары жеңілдеген соң өңірлерде фитнес орталықтары мен тренажер залдарында санитарлық нормаларды ұстана отырып, жаттығуға да рұқсат беріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтау қаласының қақ ортасында орналасқан фитнес-кешен есігін тұрғындарға айқара ашты. Алайда мұнда бетпердесіз кіруге болмайды. Сондай-ақ спортпен шұғылданамын дегендер алдын ала жазылуы тиіс.

Владимир Боришполов, фитнес орталық жаттықтырушысы:

– Таңғы 10-нан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейміз. Бізде кардио аймақ пен жаттығу залы бөлек орналасқан. Ал спорт құрылғыларының ара қашықтығы – 1,5 метр. Өте ыңғайлы. Мұнымен қоса, күнде тазалық жұмыстарын жүргіземіз.

Ал бұл Петропавл қаласының тұрғыны – Дмитрий Токарев. Ол кешен ашылысымен, күнделікті жаттығу залына келеді. Карантин кезінде үйінде спортпен айналысқан ол физикалық дайындығымды төмендетіп алыппын дейді.

Дмитрий Токарев, қала тұрғыны:

– Спорт залда 2 ай 10 күн болмаппын. Салдарынан бұрынғы жаттығуларымды қазір жасай алмай қалыппын. Бірақ ештеңе етпейді. Әлі-ақ қайта қалпыма келемін деген ойдамын. Бастысы ынта болу қажет.

Каратинге дейін бұл фитнес орталыққа күніне 100-ге жуық адам келетін. Қазір көрсеткіш біршама төмендеген. Себебі әлі де індеттен қауіп бар. 

Ердәулет Жұланов, фитнес-клуб директоры:

– Әзірге тұрақты клиенттеріміз келіп жаттығуда. Бүгінгі жағдайға байланысты халық саны аз. Санитарлық талаптарды қатаң сақтана отыра, адам санын 30-дан асырмауға тырысып жатырмыз. Бастысы спортпен шұғылдану қажет. Сонда деніміз сау болады.

Петропавлда өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысымен бірқатар нысан қайтадан ашылып жатыр. Бірақ әлі күнге дейін кинотеатр, үлкен тойханалар мен балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат берілген  жоқ.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Талғат Исламұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы