417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жартысы шетелден келген

  • 172
  • UPD: 08:05, 27.05.2020
СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жартысы шетелден келген

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус індетіне шалдыққандардың жартысына жуығы шетелден келген азаматтар.

Бұл жайында эпидемиолог мамандар айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өзге мемлекеттерде оқып жатқан студенттер мен жүк тасымалдаушылары екенін айта кету қажет. Бүгінге дейін өңірде 24 мыңға жуық адам арнайы скринингтен өткен. Дегенмен, уақыт өте келе қалада бірқатар нысандар қайта ашылып жатыр. Мұнымен қоса, аймақта балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Сәтін салса, 1-10 сынып аралығында оқитын 66 мыңға жуық бала биыл жазда лагерьде демалады.

Айнаш Сағандықова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Лагерьлерді ашу 15 маусымға жоспарланған болатын. Және де қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Бас санитар дәрігерінің қаулысы әлі шыққан жоқ. Сондықтан бұл сұрақ әлі алдағы уақытта қарастырылатын болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы