418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда қоғамдық көлік пен орталық базар жұмысы жандануы мүмкін

  • 226
  • UPD: 22:46, 27.05.2020
Таразда қоғамдық көлік пен орталық базар жұмысы жандануы мүмкін

Жамбыл облысында қоғамдық көлік пен орталық базар жұмысы жандануы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін тұрғындар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Өңірде қазір 24 мыңға жуық тұрғын зертханалық тексерістен өтті. 7 лаборатория жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев брифингте 2 жарым мың медицина қызметкеріне үстемақы төленгенін жеткізді. Ал оларды қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге 1 жарым млрд теңге бөлінген. Тұрғындарды толғандырған сұрақтарға Jardem 109 колл-орталығы жауап береді. Атаулы әлеуметтік төлем 9 жарым мың отбасына берілсе, 42500 теңгеге 300 мың жамбылдық қол жеткізді. Жалпы, әлеуметтік төлемдермен және демеушілік көмекпен 400 мың тұрғын қамтылды.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

– Карантинді тезірек тоқтатамыз десек, онда осы берілген талаптардың барлығын сақтауымыз керек. Біз барлығын жақсы түсінеміз. Халықтың шаршағанын,  жұмыс істегісі келетінін, жалақы алғысы келетінін, бала-шағасын асырағысы келетінін әсіресе, базарларда жұмыс істейтін кісілердің несиелері бар, бәрін білеміз.  Жұма күнгі болатын штабтың отырысында біз бұл мәселені қараймыз. Бірақ қайта айтылатын мәселе, біз үшін ең негізгі керегі адамның денсаулығы, өмірі.

Хабар 24 телеарнасы