423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда маңындағы лагерьлер 25% қысқарды

  • 279
Елорда маңындағы лагерьлер 25% қысқарды

Әуелде жоспарланған үш мыңнан астам баланың сегіз жүзі тізімнен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қала сыртындағы 4 лагерде дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Білім басқармасы бас санитарлық дәрігердің қаулысын күтіп отыр. Дәрігер демалыс орындарының жұмыс істеу алгоритмін бекітуі тиіс. Ал мектеп жанындағы лагерьлер биыл ашылмауы мүмкін. Есесіне, балаларға арналған онлайн шаралардың кестесі жасалған. Жалпыға білім беру қорынан жазғы демалысқа 96 млн теңге бөлінген. Демалатындардың 80 проценті – тұрмысы төмен отбасының балалары.

Айдын Біләлова, қалалық білім басқармасының бас маманы:

– Сол қаулы қалай қабылданады, қаулыда көрсетілген ұсынымдар бойынша біздің лагерьлер өз жұмысын бастайтын болады. Сауықтыру лагеріне әр баланың баруға құқығы бар. Бірақ соның ішінде біз сол аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім балалар, яғни халықтың әлеуметтік осал тобына жататын балаларды қамту бірінші орында көзделген.

Хабар 24 телеарнасы