429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспийде екі айда заңсыз балық аулаған 98 адам ұсталды

  • 341
  • UPD: 13:23, 29.05.2020
Каспийде екі айда заңсыз балық аулаған 98 адам ұсталды

Теңіз шекарашылары соңғы екі айда Каспийде балық аулаған 98 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 14-і мемлекет шекарасын бұзған деп айыпталуда. Қалғаны аумақтық және ішкі су айдынында ұсталған. Браконьерлерден мемлекетке келген зиян 85,6 млн теңгеге бағаланып отыр. Олар қолды еткен бекіренің жалпы салмағы 4 мың келіге жуық. Күдіктілерді құрықтау операциясына ресейлік шекарашылар да жұмылдырылған. Қаскөйлерден 236 шақырымға жететін ау-қармақ, 65 қайық, 4 көлік тағы басқа да балықшы құралдары тәркіленіп алынды. Торға шырмалған 3 мыңнан астам әртүрлі балық пен 43 итбалық теңізге жіберілді. Қолға түскендер 1 млрд 88 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. 

 

Хабар 24 телеарнасы