421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім саласын оң өзгерістер күтіп тұр

  • 314
  • UPD: 15:49, 29.05.2020
Білім саласын оң өзгерістер күтіп тұр

Жалпыұлттық сенім кеңесінің мәжілісі адами капиталды дамыту мәселесіне арналғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы бұл ретте білім саласының дамуына ерекше екпін түсірді. Әсіресе, алдағы бесжылдықта білім беру ісіне жұмсалар қаржы 6, ғылымға бөлінер қаржы 7 есеге артпақ. Жаңадан 800 мектеп салу жоспарланған. Бұл ретте тек бюджет қаражаты ғана емес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тартылмақ. Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты жою, жалақыны көтеру, педагогтардың еңбегін лайықты бағалау жайы да назардан тыс қалмады. Бұл жағымды жаңалық Жайық ұстаздарын да ерекше қуантып отыр.

Абылай Рамазанов, тарих пәнінің мұғалімі:

– Білім саласын  жаңарту. Соның ішінде ай-ти технологияға көшу, ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жоқ қылу мақсатында, үш ауысымды түбегейлі жою. Сонымен қатар 650 орындықтан асатын соңғы 4 жылда 800 мектеп салуды жоспарлап жатыр екен. Бұл жаңалық ұстаздар қауымын қуантып тастады. Әрине, бізге бұл жаңалық ұнады. Және соңғы 4 жылда ұстаздар жалақысын екі есе арттыру туралы айтылғаны көңілден шықты.

Хабар 24 телеарнасы