423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда блок-бекеттер көшірілуі мүмкін

  • 327
  • UPD: 15:45, 29.05.2020
Алматыда блок-бекеттер көшірілуі мүмкін

Алматыдағы блок-бекеттерде кептеліс азаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы мамандарға қосымша планшет берілген екен. Енді бақылау-өткізу орнынан өтетін жүргізушілерді тексеру анағұрлым жылдам болады. Қазір қаладағы 25 бекетте 700-ден аса полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр. Қала билігі блок-бекеттерді облыс аумағына қарай жылжыту мәселесін қарастыруда. Бірақ барлығын бірдей ауыстырмайды.  

Жандос Мұратәлиев, қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

– Ол енді мына, блок-бекеттердің тұрған жерлеріне байланысты. Мысалы, мына блок-бекетті Алматы облысына ауыстыру қиындайды. Себебі бұл жерге екі жақтан көлік келеді. Сондықтан ол барлық бекет ауыстырылмайды, тек кептеліс көп, алыс тұруға болатын бекеттер ғана ауыстырылады.

 

Хабар 24 телеарнасы