412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өз анасын тапты

  • 170
  • UPD: 21:11, 29.05.2020

Мұхит асып, америкалық отбасының асырауына берілген қазақ қызы жақындарын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Асия Бергер атты АҚШ азаматшасы өзінің Facebook-тегі жазбасында мәлімдеген. Бір жасында шетел асқан семейлік қыз өзінің анасын тапқанына қуанышты екенін жазған. Әрі көмектескен жұртқа ризашылығын білдірді. Қазір ол Флорида штатында тұрады, студент. Қазақ қызының азан шақырып қойған есімі Салтанат Ашкенова болыпты.

Роза Омарова, қалалық білім бөлімі қамқоршылық секторының әдіскері:

– Ашкенова Салтанат Қуатқызы 20 наурызда 2000 жылы туған. Анасы Ашкенова Құралай 13 маусымда 2000 жылы Семей қалалық сәбилер үйіне келіп, өзі баладан бас тарту өтінішін өзі жазған. Әкесі туралы мәлімет анасының сөзімен жазылған. Ол туралы анықтамасы бар. Неке және отбасы туралы Кодекстің 102-бабы бойынша бала асырап алу туралы құпиялы түрде сақталады. 2001 жылы 23 шілдеде Семей қалалық сотының шешімімен Салтанат асырап алынған.

Хабар 24 телеарнасы