427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 159 мың тұрғын ТЖ кезінде әлеуметтік төлем алды

  • 398
  • UPD: 08:39, 30.05.2020
БҚО-да 159 мың тұрғын ТЖ кезінде әлеуметтік төлем алды

Батыс Қазақстан облысында 169 мың тұрғын төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемге арыз берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 159 мыңының өтінімі қанағаттандырылып, 9 миллиард теңгеге жуық қаржы төленген. Дегенмен, екінші қайтара төлем төлеу кезінде ақпараттық бақылау жүйесі өтінімдердің тең жартысын кері қайтарған. Кәсіпорны тоқтап, табыс көзінен айрылса да 42500 теңгеге қол жеткізе алмағандардың бірі – кәсіпкер Айгүл Сатанова. Оның туристік агенттігі қыстан бері тоқтап тұр. Шекара жабылып, шетелмен барыс-келіс тыйылғалы қарауындағы 5 қызметкердің үшеуін қысқартыпты. Жұмысшыларына әлеуметтік төлем аударылғанымен, өзінің өтініші қабылданбапты.

Айгүл Сатанова, кәсіпкер:

- Қазір жұмыс жоқ. Биыл сыртқы туризм тұрмақ, ішкі туримнің боларына да сенімсізбін. Біздің сала орасан шығыннан зардап шегіп отыр. Табыстан айырылдық. Оның үстіне ғимараттың жалға алуы бар, коммуналдық төлемдер бар дегендей. Бұрынғы жиған-тергенімізге иек артып отырмыз. Осындай жағдайда әлеуметтік төлемге де қол жетпеді.

Назгүл Қуанғалиева, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» ақ бқо филиалының бөлім басшысы:

- Жұмыс беруші өзінің осы төтенше жағдайда кіріс болмағаны жөнінде дәлелдеп, аудандық және қалалық штабтарға құжаттарымен дәлелдеп, сонда соғып, өтініш білдіруіне болады. Сол жергілікті штабтар өздерінде қарап, егер түскен құжаттар қанағаттанарлық болса, оңды шешімдер бізге жібереді. Егер штаб дәлелдеп, қорытындысын шығарса, онда 42500 төлемді біз төлейміз.

Хабар 24 телеарнасы