405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасының тілшілері көтерген мәселе оң шешімін тапты

  • 177
  • UPD: 22:02, 30.05.2020
«Хабар 24» арнасының тілшілері көтерген мәселе оң шешімін тапты

Біздің арна көтерген мәселе шешімін табатын болды.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Қызылорда облысының Арал қаласындағы апатты жағдайдағы мемлекеттік «Толқын» балабақшасының жайын айтқан едік. Осыдан 45 жыл бұрын салынған бұл ғимараттың пешпен жылытылатынын көрсеттік. Іргесі мүжіліп, төбесі кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін ғимарат балалардың өміріне қауіпті. Бұл мәселені «Хабар 24» телеарнасынан көрген құзырлы орган өкілдері арнайы жұмыс тобын құрып, тиісті шешім қабылдады.

Бағдат Бердәулетов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Бүгінде  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігімен аталған балабақшалар бос, қауіпсіз ғимараттарға көшіріледі. Мәселе тұрақты бақылауда. Аталған балабақшалар мәселесін жергілікті әкімдікпен бірлесіп шешу қарастырылған болатын. Бірінші кезекте жан басына қаржыландыру механизмі арқылы шешу және бос, қауіпсіз ғимараттарға көшіру көзделді.

 

Хабар 24 телеарнасы