405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бал шаруашылығы қанат жайып келеді

  • 114
  • UPD: 22:39, 30.05.2020

Солтүстік қазақстандық омарташылар оңтүстіктен «Карпат» тұқымдас аралар әкеліп, күтіп-баптауға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл шаруалар мол өнім алуға ниетті.

Александр Добрынин – омарташылардың қатарына енді ғана қосылды. Ол табиғат аясында демалып, бал жинаудың өзі бір ғанибет,  дейді.

Александр Добрынин, омарташы:

– Үйде қант жемейміз. Оның орнын табиғи таза бал басты. Басында аралардан қорқатынмын. Қазір достастық.

«Карпат» араларының артықшылығы суыққа төзімді. Жаңбырда да бал жинайды. Сондықтан да солтүстікқазақстандық омарташылардың таңдауы соған түсті.

Олег Гаврилов, омарташылар қауымдастығының төрағасы:

– Бұл аралардың бізтұмсығы ұзын. Бұлыңғыр күндері де өзін жақсы көрсетті. Өнімділігі жоғары.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 6 мың «карпат» арасы әкелінді. Омарташылар мол өнім жинап, ақ қайыңдар өлкесінде жиналған балдың брендін жасауды жоспарлап отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы