405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Қарасора - 2020» операциясы басталды

  • 190
  • UPD: 11:45, 31.05.2020

Еліміздің оңтүстігінде қарасора шөбінің гүлдеп, көбейетін уақыты басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрамында есірткі уыты бар бұл өсімдік әсіресе Жамбыл облысы аумағында көптеп өседі. Аты көпке мәлім Шу алқабынан бөлек табиғаты осы шөптің шығуына қолайлы тағы бірқатар аймақ бар. Нақ осы кез – есірткі сату, тасымалдау, дайындау деректерінің белең алатын шағы. Қылмыскерлер Шу даласында өсетін көкнардан есірткі өндіріп, оңай олжаға кенелуге ұмтылады. Олардың жолын кесуге бағытталған операция биыл жаңа «Қарасора-2020» деген атпен басталды.

Жамбыл облысында жабайы кеңдір қурайдың өсу аумағы 140 мың гектарға жуықтайды. Жаздан күздің соңына дейін мұнда заңсыз есірткі дайындауға келетіндер көбейеді. Оларға тосқауыл қою үшін биыл бас-аяғы 100-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылмақ. Мамандар шара басталмай тұрып, дайындықтарын тағы бір пысықтап алды.

Дінмұхамед Қойтаев, Дельта-Долина арнайы бөлімінің бастығы:

– Полиция департаменті бастығының нұсқауымен Шуда Дельта-Долина Шу ауданы болғаннан кейін 7 мобильдік топ құрылды. Қиын жерлерден өтетін автокөліктер бар.

Бұл шара еліміздегі заңсыз есірткі айналымын айтарлықтай азайтуға өз септігін тигізеді. Полицейлер тек қарасора өсетін алқапты ғана емес, есірткі тасымалдануы ықтимал жолдарды да қатаң бақылауға алмақ. Есірткі бизнесіне қарсы күресте иісшіл иттердің көмегі көп. Олар да арнайы үйретіліп, полицейлермен бірге жаттығып жатыр.

Асхат Алметов, облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– Бірінші маусымнан бастап барлық қызметкер күшейтілген түрде жұмыс істейтін болады. Ішкі істер министрінің бұйырығы бар. Бірінші мақсат – осы өңірден есірткі заттарын басқа облыстарға, одан әрі қарай шет мемлекеттерге шығармау.

Жалпы жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 180-нен астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 400 келіден асатын есірткі заттары тәркіленген.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейлхан

Хабар 24 телеарнасы