412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шет ауданындағы орталық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталды

  • 156
  • UPD: 08:41, 01.06.2020
Шет ауданындағы орталық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды облысының Шет ауданындағы орталық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Ғимараттың іші-сырты, шатыры толық жаңартылмақ. Ол мақсатқа қазынадан 500 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір құрылыс алаңында 90 адам тынымсыз еңбек етіп жатыр. Жоба екі жылға жоспарланған, алайда мердігер компания бір жылдың ішінде аяқтап, нысанды желтоқсан айында тапсырамыз деп отыр.  Айта кету керек, қазір емдеу мекемесінде 518 адам еңбек етеді. Жуырда санитарлық автокөлік алған. Материалдық базаны жақсарту жұмыстары әлі де жалғаспақ.

Алпыс Аманжолов, Шет аудандық орталық ауруханасының директоры:

- Жыл барысында денсаулық сақтау басқармасының тағы да көмегімен соңғы үлгідегі ультрадыбыстық тексеру жүйесі алынатын болады және цифрлық рентген флюроаппарат алатын боламыз. Науқастың мониторы, холтер монитор жасайтын аппарат, анестезиолог жүйе құрылғыларын алатын боламыз. Бұл аталған іс-шаралар аудан халқының денсаулық сақтау барысындағы алатын көмегіне зор ықпалын тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы