412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы трактор зауыты жаңа техника түрін шығарады

  • 154
  • UPD: 22:32, 01.06.2020

Петропавл трактор зауыты топыраққа сұйық тыңайтқыш шашатын техника құрастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрияландыру картасы бойынша ашылған кәсіпорында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, озық құрал – жабдықтармен жарақталып жатыр.

Трактор зауытына индустрияландыру институтынан 200 млн теңге грант бөлінді. Бұл қаржы жаңғырту жұмыстарына жұмсалады. Қазір оның үшінші кезеңі жүріп жатыр. Кәсіпорын тың қондырғылармен қамтылды.      

Иван Анацкий, цех бастығы:

– Біріншіден, жаңа станоктар сатып алдық. Оның ішінде заманауи лазерлі құрылғы бар. Тағы да қосымша қондырғыларға тапсырыс бердік. Бұл еуропалық стандарттарға сай өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Келер жылы зауыт толық қуаттылығына шығып, жылына 150 трактор жиналауы тиіс. Карантин кезінде кәсіпорын тоқтаған жоқ. Керісінше жаңа техника түрін құрастыруға кірісті.

Ерлан Жағпаров, зауыт директорының міндетін атқарушы:

– Сұйық тыңайтқыш шашатын техникаға алдын ала тапсырыс түсті. Бұл – әлемдік тренд. Ауыл шаруашылығы саласы соған келе жатыр. Оның арқасында астық шығымдылығын 50 процентке арттыруға болады.

Кәсіпорын индустриаландыру картасына енген. Қазір мұнда 40 адам еңбек етеді. Болашақта тағы да жұмыс орындары ашылады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы