432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы тынығу орталықтары балаларды жылдағыдан екі есе аз қабылдайды

  • 361
Ақмола облысындағы тынығу орталықтары балаларды жылдағыдан екі есе аз қабылдайды

Ақмола облысындағы балалардың тынығу орталықтары биыл демалушыларды жылдағыдан екі есе аз қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте аймақтағы демалыс нысандарына жазда 3 мың бала баратын болса, осы жолы 1 жарым мың адамнан аспауы тиіс. Яғни лагерьлер жартылай ғана жұмыс істейді. Бұл сұраныстың төмендеуінен емес. Санитарлық талап сондай. Эпидемиологтардың тағы бір шарты – сауықтыру орталықтарының қызметкерлері коронавирусқа қарсы тест тапсыруы тиіс. Ал балалардан мұндай сараптамалар талап етілмейді. Тек жергілікті жерден науқастармен қарым-қатынаста болмағандығы туралы анықтама әкелуі қажет. Жалпы Ақмола облысында 20 лагерь бар. Оның 13-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Тынығу орталықтары балаларды екі аптадан соң қабылдай бастайды.

Ботагөз Дүйсенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Қала сыртындағы лагерьлердің жұмысын 15 маусымнан бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Оған облыстағы бас санитарлық дәрігердің қаулысы қажет. Сондықтан бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүргізілуде. Білім бөлімдеріне қарасты балаларды жазғы сауықтыру орталықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы