428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда саябақтар, фитнес орталықтар 3 маусымнан бастап ашылады

  • 230
Алматыда саябақтар, фитнес орталықтар 3 маусымнан бастап ашылады

Алматыда бірқатар кәсіпкерлік субьектісі 3 маусымда ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда 30 адамнан аспайтын көлемде оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары; Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары); Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы); Балаларға арналған түзету орталықтары; Саябақтар мен скверлер ашылады», – делінген қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында.

Нысан басшылары санитарлық талаптарды толық орындауы керек. Өткен аптада Алматыда ХҚКО, сауда ойын-сауық орталықтары ашылған еді. Алайда арнайы комиссия кейбір нысанның жұмысынан санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады. 30 мамырдан бастап мешіттердің есігі ашылды. 1 маусымнан бастап сауна, спа-салондар, моншалар ашылды.

Хабар 24 телеарнасы