429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңсыз лотерея ұтысын өткізген тұлғалар жауапқа тартылады

  • 332
  • UPD: 13:34, 04.06.2020
Заңсыз лотерея ұтысын өткізген тұлғалар жауапқа тартылады

Заңды түрде лотерея операторы болып бекітілмеген тұлғалар ұтыс өткізсе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни алаяқтар жазасыз қалмайды.

Осы саладағы қоғамдық қатынастар реттелетін болды. Бүгін Сенат лотерея қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды  қабылдады. Заң лоторея таратушының міндетін айқындап, құқықтық жағынан қамтамасыз етеді. Сондай-ақ лотерея ойнаушылардың құқығы мен заңды мүддесі қорғалады. Бұл қызметті реттейтін уәкілетті органның іс-қимылын оңтайландырады. Жарнама заңына сәйкес, лотереяны жарнамалауда шектеулер болады.

Хабар 24 телеарнасы