423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынды

  • 515
  • UPD: 13:51, 04.06.2020
Нұр-Сұлтанда Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынды sputniknews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол «Наурыз мейрамы-2020» мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – деп мәлім етті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы