429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қостанай облысында 500 шақырымнан аса жол жөнделеді

  • 375
  • UPD: 07:44, 05.06.2020
Биыл Қостанай облысында 500 шақырымнан аса жол жөнделеді

Биыл Қостанай облысында бірқатар елді мекендердің автомобиль жолдары жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қоса, көшелерге асфальт төселіп, жаяу жолдар салынады. Жалпы көлемі 500 шақырымнан асатын жол жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 45 миллиард теңге қарастырылды. Бұл салаға осындай қомақты қаржы бұрын-соңды бөлінген емес. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалар өткен айда басталған. Ол «Қарабұтақ-Қостанай» республикалық тас жолы және елорданы еліміздің батыс өңірлерімен байланыстыратын бағыт. Қалған бастамалар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы, «Ауыл – ел бесігі» сияқты жоба аясында қолға алынады. Жол құрылысын қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.

Олжас Нұрғалиев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 5 мыңдай адамды тартамыз. Бекітілген кестеміз бар. Мердігерлермен барлық жұмыстар соның негізінде атқарылады. Жаз мезгілі біздің өңірде өте қысқа. Сондықтан мейлінше созбалаңға салмауға тырысамыз. Әрі кетсе жарық, жол жиектерін орнату сияқты жұмыстар қараша айына дейін созылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы