417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамыр айында қазақстандықтар 1467 алтын құймаcын сатып алған

  • 559
  • UPD: 12:10, 11.06.2020
Мамыр айында қазақстандықтар 1467 алтын құймаcын сатып алған

Мамыр айында ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 62 165 грамм 1467 өлшеуіш құйма сатып алды.

Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 845 060 грамм 25 968 өлшеуіш құйма сатылды.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық. Соның арасында салмағы 10 грамдық құйма ең көп сатып алынды. Сатудың жалпы көлемінде оның үлесі 6969 дананы (27%) құрайды. Одан кейін 5 грамдық 6050 дана (23%), 20 грамдық 4966 дана (19%),100 грамдық 4933 дана (19%), 50 грамдық 3050 дана (12%) тұр.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр (сатылған құймалардың жалпы санынан 50,3%), одан кейін Атырау (18,4%), Нұр-Сұлтан (11,4%) және басқа өңірлер (19,9%).

Кері сатып алуға жалпы массасы 3010 грамм 106 өлшеуіш құйма қабылданды.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады. Қорғаныш орауы да құйма сапасының сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау ұсынылады.

2020 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша алтынның 1 граммының құны 21 918,57 теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы