423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арыстағы оқдәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы басталды

  • 395
  • UPD: 20:21, 12.06.2020
Арыстағы оқдәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы басталды

Шымкентте Арыс қаласындағы оқдәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы айыпкерлер қатарында Қорғаныс министрлігінінің бір топ қызметкері бар. Оларға әскери қызметіне салғырттық таныту, оқдәрі пайдалану мен оны қолданудағы талаптарды сақтамау, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу секілді бірнеше айып тағылған. Процесске тоғыз жолдың торабындағы 1500-ға жуық азамат жәбірленуші ретінде шақыртылды. Алайда оның бірқатары алғашқы отырысқа қатыса алмады. Себебі әскерилер ішке кіргізбеді. Арыстағы оқдәрі қоймасындағы жарылысқа 16 адам айыпталып жатыр. Көпшілігі Қорғаныс министрлігі мен әскери бөлімшелерде қызмет еткен лауазымды офицерлер. Жарылыстың болғанына бір жыл өтсе де, бірқатар кәсіпкер қираған нысандарын қалпына келтіре алмай жүргендерін айтады. Ал 448 томнан тұратын істің қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Арыстағы оқдәрі қоймасындағы жарылыс былтыр 24 маусымда болған еді.

Мұхамеджан Сапарханов, кәсіпкер, Арыс қаласының тұрғыны:

– Қазіргі уақытқа дейін 63 кәсіпкердің ғимараты қирап жатыр. Сол 63 кәсіпкердің ғимаратының бірі менде тұр. Қирап, жарамсыз қалған. Бір тиын ақша алмаған. Қанша уақыт жүреміз енді? Айналып, сот аралап кеттік енді.

Хабар 24 телеарнасы