421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау – Орал жолының учаскесі төрт жолақты болады

  • 433
  • UPD: 11:50, 15.06.2020
Атырау – Орал жолының учаскесі төрт жолақты болады

Қазіргі таңда республикалық маңызға ие Атырау – Орал автомобиль жолында (75-125 шақырым) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейтін компанияны анықтау мақсатында тиісті процедуралар басталды.

Осылайша, жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң жұмысшылар тасжолдың 50 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріседі. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау – Орал автомобиль жолы – екі облыс орталығын байланыстырушы маңызды транзиттік көліктік дәліз. Ол Каспий теңізінің порттарына шығуға мүмкіндік береді. Жол осыдан 15 жыл бұрын жөндеуден өткен. Үшінші техникалық санаттағы тасжолдың құрылымы осьтік жүктемесі 8 тоннаға дейінгі көлік құралдарына лайықталып, тәулігіне шамамен 3000 көлікті өткізе алады. Бүгінгі таңда Қазақстанда автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту оське 13 тоннаға дейінгі есептік жүктемемен жүзеге асырылады. Тиісінше, аталмыш жолдың жаңғыртылуы қос өңір үшін аса қажет. 

Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң төрт және екі жолақты болады. Бүгінгі таңда автомобиль жолының  учаскесінде (75-125 шақырым) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге арналған ЖСҚ әзірлейтін жобалық компания анықталған. Жоба осы процедуралар аяқталған соң іске асырыла бастайды.

Айта кету керек, жоба автомобиль жолының өткізу қабілетін арттыруға, жолдағы апат жағдайларын төмендетуге, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.

Еске салайық, Атырау – Орал автомобиль жолы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңартылады.

Хабар 24 телеарнасы