418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да контрабандамен айналысқандар ұсталды

  • 193
БҚО-да контрабандамен айналысқандар ұсталды

Олар тұрмыстық тауарлар тиелген 7 бірдей жүк көлігін жалған құжатпен Ресей асырмақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру барысында жіберуші тараптың шот фактуралары жоқ екенін анықтады. Яғни тауарды өткізуші тұлға нақты табысты жасырып, салықтан жалтармақ болған. Айта кету керек, бұған дейін «Сырым» өткізу бекетінде жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын тауарды заңсыз алып өтпек болған 14 жүк көлігі ұсталған еді.

Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл тауардың жалпы құны 92 миллион теңгеге жуық. Қазір барлық құжат жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Хабар 24 телеарнасы