427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанның емханаларында тест жетіспей жатыр

  • 389
  • UPD: 12:54, 19.06.2020

Қазір дене қызуы көтеріліп, бірақ ауруханаға жатқызылмай жатқандар көп. Себеп қандай?  Адам ағзасы індетпен өзі күресе алады дегенді алға тартқан мамандар,  ыстық түсіретін дәріні қабылдап үйде оқшаулану жеткілікті деп есептейді. Қалыптасқан жағдай жайында эпидемиолог мамандар не дейді? 

Алмас осыдан бірнеше күн бұрын дене қызуы көтеріліп емханаға жүгінген. Дегенмен, әлі күнге тест тапсыра алмағанын айтады. Ондағылар тест жоқ деп қысқа қайырған. Үйде өзі емделу керектігін айтқан. Дәрігер қабылдауына ұзын-сонар кезекте 30 шақты адам отырдық дейді. 

Алмас Қасымжанов, қала тұрғыны:

- Дене қызуым көтерілген соң емханаға жүгіндім. Дәрігерлер маған ішек дәрілерін жазып берді. Және тапсыруға тест жоқ екенін айтып шығарып салды. Әрине ауруханада тест болмағанына ақ халаттылар кінәлі емес. Дегенмен, ауырған халық не істеуі керек?

Мамандардың айтуынша, ауру белгілері жоқ, бірақ вирус тасымалдаушы боп саналатын адамдарға үй жағдайында ешқандай ем-дом жасаудың керегі жоқ. Себебі оларда вирус жеңіл түрде өтіп жатуы мүмкін. Сондай-ақ ауруханадан шығарған кезде науқастарға қайта тест жасалмайды. Толық жазылғанына көз жеткізу үшін тек уақыт керек. Дәрігерлер айтқан кеңеске сенсек 14 күннің ішінде індет ілігіне ілмесе аман қаласыз. 

Динагүл Баешова, балалар жұқпалы аурулар ауруханасының кафедра меңгерушісі:

- Ешқандай ем қолданбайды. Өйткені оның ешқандай симптомы жоқ, ол нені емдейді айтыңызшы маған. Симптомы жоқ адам нені емдеу керек. Ол 14 күн оқшаулану керек. Бетперде кию керек. Бөлек ыдысы болу керек тамақ ішетін. 

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Қазір ауру жұқтырып, ауыра қалсаңыз отандық дәрігерлер үйде бар дәрі-дәрмекпен емделіңіз деген кеңес береді. Себебі бұл әлемдік тәжірибе екен. Ал дене қызуыңыз төрт-бес күндеп түспей, тыныс алу қиындап, демікпе пайда болған жағдайда ғана ауруханаға жатқызады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы