424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас қала қалыпты тіршілігіне ертеңнен бастап қайта оралады

  • 456
Бас қала қалыпты тіршілігіне ертеңнен бастап қайта оралады

Елордада екінші күн қатарынан жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Бұл жолы ірі сауда орталықтары, ондағы дүкендер мен арнайы бөлмелер тазаланды. Коронавирус инфекциясының таралу аясын шектеу үшін, тұрғындардың саябақта серуендеп, көшеде себепсіз жүруіне тыйым салынған. Қоғамдық көлік те уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, 20-21 маусым күндері ел астанасында індеттің екі – отбасылық және ұжымдық ошағы бар екені ескеріліп, екі күндік «карантиндегі демалыс» енгізу туралы шешім қабылданды. Екі күн бойы мамандар адам көп жиналатын орындарды арнайы қоспалармен тазалап, дезинфекциялайды. Бұл жұмысқа өрт сөндірушілер мен әскерилер де тартылды. Ал қала қалыпты тіршілігіне ертеңнен бастап қайта оралады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы