423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада суға шомылу ережелерін бұзған 64 адам жазаланды

  • 436
  • UPD: 10:19, 25.06.2020
Елордада суға шомылу ережелерін бұзған 64 адам жазаланды Елорда әкімдігі

Қала тұрғындары оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Комиссия тексерісі бойынша көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталған. Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтары, 20-сы тыйым салынған орындар.

«Қаланың төрт ауданында тегін коммуналдық жағажайлар ашу қолға алынды. Олар: Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аудандары», – деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.

9 мамырдан бастап 141 тыйым салу белгісі мен 20 ақпараттық стенд орнатылған, 20 қалқыма белгілер де қойылған, 14 қайық және сүңгуірлер күнделікті кезекшілік етеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен волонтерлер бірігіп 155 рейд жүргізді. Суда ережелерді бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қала мектептерінің 3 250 оқушысына арнайы алты интерактивті сабақ өткізілді. Күн сайын рейдтік шараларға барлық 23 учаске бойынша тексеретін жеке құрамдағы (ТЖД, ДП, МГ, волонтерлер) 80 адам қатысады.

1 маусымда қала акваториясында үш адам қаза болды. Екі адам құтқарылды.

Хабар 24 телеарнасы