418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 17 млн теңге жымқырған бухгалтер ұсталды

  • 311
  • UPD: 11:05, 26.06.2020
Жамбыл облысында 17 млн теңге жымқырған бухгалтер ұсталды

Жамбыл облысында бухгалтердің 17 млн теңге жымқырғаны анықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімі есепшісінің өзінің қызметтік мүмкіндіктерін қолдана отырып, қасақана түрде Байзақ ауданының мектептерінің бірінде жұмыс атқаратын үш мұғалімге артығымен негіссіз 17 миллион теңге айлық қаражат аударғанын анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ң 189 бабы 4 бөлігімен, яғни мемлекттік бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексерілуде.

Бұл қылмыстық құқықбұзушылықты жүзеге асырған тұлға жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы, мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып жазалануы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы