424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 570
  • UPD: 19:56, 26.06.2020
«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» және «Үздік радиобағдарлама» номинациялары бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты онлайн режимде өтті. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеңімпаздардың жұмысына жеміс тілеп, журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтады.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Құрметті БАҚ өкілдері сіздерді төл мерекелеріңізбен - байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер жауапты, тынымсыз да қарбалас салада қызмет етіп келесіздер. Әлемдегі коронавирус пандемиясы кезінде медициналық және құқық қорғау қызметкерлерімен бірге сіздер алғы шепте болдыңыздар. Әрқашан халықты хабардар еттіңіздер. Сіздерге әрдайым толағай табыс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы