417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы Меңгесер тұзды көлінің жағасы абаттандырылады

  • 164
  • UPD: 21:59, 27.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы Меңгесер тұзды көлінің жағасы абаттандырылады, деп хабарлайды «Хабар 24.

Оның бір бөлігін жергілікті кәсіпкерлер жалға алып, бастапқы 50 млн теңге инвестиция салуды көздеп отыр. Туристерге спорттық алаңдар, кафе, шезлонгтар мен жуыну орындары қойылады. Сонымен қатар адамдар киіз үйде тынығып, салт атпен серуендей алады. Ал, алыстан келгендер үшін қонақ үй бар. Көбі мұнда демалу үшін емес, ем алу үшін келеді. Меңгесердің суы денге шипа. Ал, балшығы Израильдегі Өлі теңізбен бірдей.

Еркебұлан Мәмбетов, инвестор:

- Меңгесер көлі – өте киелі көл. Тұзды көл. Сазы бар. Ертеден ата-бабаларымыздан келе жатқан. Кісілер алыстан келіп, міне осы Қазақстанда тұрып, Ресейге кеткендер қайта келіп, осында демалысқа келіп жүреді. Былтыр болса, жай осы санағанда 200-ден астам машина бір күнде тұрған.

Хабар 24 телеарнасы