426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дене қызуын түсіретін дәрілер дәріханаларға келді

  • 421
  • UPD: 11:39, 01.07.2020
Дене қызуын түсіретін дәрілер дәріханаларға келді

Осы аптаның соңына дейін Қазақстанның барлық өңіріне дене қызуын түсіретін дәрілер жеткізіледі.

«Бүгіннен бастап дене қызуын түсіретін парацетамол таблеткалары келді. Ол қазірдің өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы, Қарағанды облысындағы дәріханаларда қолжетімді. Аптаның соңына дейін барлық өңірге жеткізіледі», - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ОКҚ брифингінде.

Парацетамол болмаған жағдайда дене қызуын түсіру үшін оның орнына ибупрофен қолдануға болатынын айтып өтті. Сонымен қатар бұл дәрілерді күніне 3-4 реттен артық қолданбау керек.

Хабар 24 телеарнасы